06.03.2023
Химия, биология, география онкүндігі аясында 8 "А" сыныбында химия пәнінен «Заттардың суда еруі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Бұл ашық сабақта «Заттардың ерігіштігін зерттеу» тақырыбында зертханалық жұмыс атқарылды.
Зертханалық жұмыстың негізгі көзделген мақсаты- заттарды судағы ерігіштігі бойынша анықтау, ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын сипаттау.
Оқушылар жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысып, іске кірісті. "Миға шабуыл" әдісі арқылы оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын оятып, өз кезегінде оқушылар ұсынылған дескрипторларға сәйкес заттардың ерігіштігін толыққанды меңгере алды. "Жіктеу", "Диалог және қолдау көрсету", "Жапондық бағалау", "Еркін микрофон" әдістері қолданылды. Зертханалық жұмысты тәмәмдағанан кейін оқушылар ашық сабақ барысында алған тәжірибелері бойынша сөз алмасып, әр оқушы өзіне " Мадақтау сөзі" әдісін пайдалана отырып, рефлексия жүргізді.